Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Аида Тойшыбекова Загребтегі Гран-придің жартылай финалына өте алмады

Дзюдошы Аида Тойшыбекова ширек финалда франциялық Лиа Фонтенге есе жіберді.

Аида Тойшыбекова Загребтегі Гран-придің жартылай финалына өте алмады
instagram/@kaz_judoteam

Хорватия астанасында 13–15 қараша аралығында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при додасының соңғы жарыс күні басталды.

Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Аида Тойшыбекова ширек финалда Лиа Фонтенмен белдесті. Кездесуде франциялық дзюдошы "юко" және "ваза-ари" ұпайларын алып, жеңіске жетті. Осылайша Фонтен жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалдағы жеңіліске қарамастан қазақстандықтың жүлде алу мүмкіндігі сақталды. Енді Тойшыбекова жұбаныш белдесуі арқылы қола медаль үшін өтетін кездесуге шығуға тырысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?