Англия ұлттық құрамасы тарихи рекорд орнатты
Жаңа белес УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Испанияға қарсы матчта тіркелді.
Англия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 маусымындағы топтық кезеңнің алтыншы турында Испанияны сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіп, тарихи рекорд орнатты.
Кездесу Мадридтегі "Рияд Эйр Метрополитано" стадионында өтті.
Англия қатарынан 10 сырт алаңдағы матчта жеңіске жетті
Opta Sport статистикалық порталының мәліметінше, Англия құрамасы өз тарихында алғаш рет барлық турнирді қосқанда сырт алаңдағы 10 матчта қатарынан жеңіске жетті. Осылайша, Испанияға қарсы жеңіс ағылшын футболы тарихындағы жаңа рекордқа айналды.
Англия топта бірінші орын алды
Ұлттар лигасының 3-тобында Англия мен Испания бірдей 15 ұпайдан жинады. Алайда доп айырмашылығы бойынша Англия қарсыласынан басым түсіп, топты бірінші орынмен аяқтады.
Испания екінші орынға тұрақтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?