Қазақстан – Словакия матчы: УЕФА маңызды шешім қабылдады
Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу 16 қарашада Астанада өтеді.
УЕФА Ұлттар лигасының алтыншы турындағы Қазақстан – Словакия матчын басқаратын төрешілер бригадасын жариялады. Кездесуде Әзербайжаннан келген арбитрлер қызмет көрсетеді.
Бас төреші – Алияр Агаев
Матчтың бас төрешісі болып Алияр Агаев тағайындалды.
Оның көмекшілері – Зейнал Зейналов пен Акиф Амирали. Төртінші төреші міндетін Ингилаб Мамедов атқарады.
VAR жүйесіне австриялық Алан Кияс жауапты болады. Ал VAR ассистенті – Ниджат Исмаилли.
Матч 16 қарашада Астанада өтеді
Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу 16 қарашада Астанада өтеді. Бұл – Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы тур матчы.
Словакия құрамасы бес матчтан кейін 11 ұпай жинап, С дивизионының 3-тобында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Ал Қазақстан құрамасының еншісінде 2 ұпай бар. Ұлттық команда қазіргі таңда топта төртінші, соңғы орында тұр.