Капитан да келмеді: Словакия Қазақстанға қарсы жеті ойыншысыз шығады
Словакия құрамасы Қазақстанмен өтетін Ұлттар лигасының соңғы турына бірқатар негізгі ойыншысыз келді.
Вайсс негізгі ойыншыларға демалыс берді
Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түскен Словакия құрамасы В дивизионына жолдаманы мерзімінен бұрын иеленді.
Осыдан кейін бас бапкер Владимир Вайсс көп жүктеме түскен бірқатар футболшыға демалыс беруді ұйғарған. Маман 6 желтоқсанда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі алдында жас ойыншылардың мүмкіндігін бағаламақ.
Қазақстанмен матчты кімдер өткізіп алады?
Астанаға мына футболшылар келген жоқ:
- Милан Шкриньяр;
- Давид Ганцко;
- Ондрей Дуда;
- Матуш Беро;
- Доминик Грейф;
- Альберт Руснак;
- Мартин Валент.
Валент сары қағаздарының санына байланысты да бұл кездесуге қатыса алмайды.
Бұған қоса, жарақат алған Томаш Суслов құрама орналасқан жерден кетті. Ол бұған дейін Фарер аралдарына қарсы ойында әріптестеріне қолдау көрсету үшін командамен бірге қалған еді.
Вайсс Лукас Гараслинге де демалыс беру мүмкіндігін қарастырғанын. Бірақ футболшының командамен қалуды таңдағанын айтты.
"Гараслиннің бізбен бірге қалуға шешім қабылдағанын бағалаймын. Астанада мүмкіндік алатын жігіттер сол мүмкіндікті пайдаланады деп сенемін. Біз жақсы нәтиже үшін күресуге барамыз", — деді Словакия құрамасының бас бапкері.
Қазақстан — Словакия кездесуі 16 қарашада "Астана Аренада" өтеді. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады.