Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тбилисиде Грузияны ұтты
Футболдан Қазақстанның 18 жасқа дейінгі құрамасы жолдастық кездесуде Грузиядан 2:1 есебімен басым түсті.
Қазақстанның жеңіс голдарын кімдер соқты?
Давид Петриашвили атындағы стадионда өткен ойында қазақстандық команда екі мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Ұлттық құрама сапында Расул Досан мен Дәулет Орынбасар гол соқты.
Грузиялық футболшылар бір голмен жауап беріп, кездесу 2:1 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.
Қазақстан U-18 құрамасының бастапқы құрамы
Кездесуді алғашқы минуттан мына футболшылар бастады: Серікбай, Авасханов, Азатқазы, Орынбасар, Рахым, Досан, Жұмабек, Бейбітов, Бауыржанов, Литвиненко және Ерболатов.
Грузия мен Қазақстанның жасөспірімдер құрамалары 17 қарашада тағы бір жолдастық матч өткізеді. Командалар қайтадан Тбилисидегі стадионда кездеседі.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті:
Қазақстан U19