Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан U19 Еуро іріктеуінде екінші рет жеңілді

Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Бельгиядан 0:2 есебімен жеңілді.

Қазақстан U19 Еуро іріктеуінде екінші рет жеңілді
Instagram/@kff_jastar

Де Ваннемакердің дублі Бельгияға жеңіс әкелді

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін бельгиялықтар алға шықты. 58-минутта Аугуст де Ваннемакер қапталдан жеткізілген допты қақпаның жоғарғы бұрышына бағыттап, гол соқты.

Ал 75-минутта пенальтиді дәл орындап, дубль авторы атанды. Қазақстандық футболшылар жауап голын соға алмады.

Қазақстан топтың соңғы сатысында қалды

Қазақстан құрамасы алғашқы турда шағын турнир қожайыны Шотландиядан 1:3 есебімен жеңілген еді. Сол кездесудегі команданың жалғыз голын Дінмұхаммед Махмұдов соқты. Екі матчта да ұпай ала алмаған Қазақстан А2 тобында соңғы орында тұр.

Құрама топтағы қорытынды ойынын 17 қарашада Косовоға қарсы өткізеді. Кездесу Эйрдри қаласындағы "Эксельсиор" стадионында өтеді. Сол күні Бельгия мен Шотландия Камбернолдта кездеседі.

Екі матч та Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?