Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Олимпиада жүлдегері қазақ дзюдошыны Загребтегі Гран-приден шығарып тастады

Нұрәділ Әлжан Grand Prix халықаралық турнирінде екінші айналымнан аса алмады.

Олимпиада жүлдегері қазақ дзюдошыны Загребтегі Гран-приден шығарып тастады
фото ашық дереккөзден алынды

Алғашқы белдесуде мінез көрсетті

Нұрәділ Әлжан алғашқы кездесуін Нидерландтан келген Эмирел Джарингке қарсы өткізді. Grand Slam турнирлерінің үш дүркін қола жүлдегері саналатын нидерландылық белдесудің басында басымдыққа ие болды. Қазақстандық дзюдошы енжар күрескені үшін төрешіден екі рет "шидо" ескертуін алды.

Дегенмен Әлжан қиын жағдайдан шығудың жолын тапты. Ол шабуылдарын жиілетіп, қарсыласына қысым көрсете бастады. Нәтижесінде Джаринг те екі ескерту алып, "шидо" бойынша есеп 2:2 болып теңесті.

Кездесудің шешуші сәтінде Нұрәділ сәтті әдіс қолданып, "юко" ұпайын еншіледі. Осылайша қазақстандық дзюдошы тәжірибелі қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Олимпиада финалисі қазақстандықты мерзімінен бұрын жеңді

Екінші айналымда Нұрәділ Әлжанға әлемдік дзюдоның танымал өкілдерінің бірі, франциялық Лука Мхеидзе қарсы тұрды.

2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері бұл кездесуде өзінің жоғары деңгейін көрсетті.

Белдесу барысында қазақстандық дзюдошы екі рет "шидо" ескертуін алды. Артынша Мхеидзе нәтижелі лақтыру жасап, "иппон" ұпайымен айқасты мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша Нұрәділ Әлжан Загребтегі Гран-придің ширек финалына шыға алмай, жарыстағы өнерін аяқтады.

Айта кетейік, Хорватия астанасындағы халықаралық Гран-при турнирі 15 қарашаға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?