Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық дзюдошы Загребте екі қарсыласын жеңді

Аман Бақытжан Хорватия астанасындағы Grand Prix турнирінде қатарынан екі жеңіске жетті.

Қазақстандық дзюдошы Загребте екі қарсыласын жеңді
olympic.kz

Екі белдесудегі жеңіс

60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жарыстағы алғашқы кездесуін үндістандық Харашем Сингхке қарсы өткізді. Белдесу барысында Бақытжан қарсыласынан басым түсіп, "юко" және "вазари" ұпайларын еншіледі. Бірақ кездесу қазақстандық дзюдошы үшін оңай болған жоқ. Ол төрешіден екі рет "шидо" ескертуін алып, жарыстан шеттетілу қаупіне тап болды.

Соған қарамастан Аман басымдығын сақтап, келесі кезеңге өтті.

Екінші айналымда Бақытжан израильдік Ариэль Шулманмен татамиге шықты. Бұл жолы отандасымыз сенімді өнер көрсетіп, қарсыласын "вазари" әдісімен жеңді. Осылайша қатарынан екінші жеңісіне жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Ширек финалда мықты қарсылас күтіп тұр

Енді Аман Бақытжан жартылай финал жолдамасы үшін Украина құрамасының тәжірибелі дзюдошысы Ділшот Халматовпен кездеседі.

Халматов 60 келіге дейінгі салмақта халықаралық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген дзюдошылардың бірі саналады.

Айта кетейік, Загребтегі дзюдодан Гран-при турнирі 15 қарашаға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?