Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Еуро-2027 іріктеуінде Австрияның тас-талқанын шығарды

Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін ірі жеңіспен бастады. 

Қазақстан Еуро-2027 іріктеуінде Австрияның тас-талқанын шығарды
Instagram/@kff_jastar

Австрия қақпасына жауапсыз жеті гол соғылды

Грузияның Кутаиси қаласында өтіп жатқан Еуро-2027 іріктеу турнирінің алғашқы кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы керемет нәтиже тіркеді. 14-топ аясында Австриямен кездескен Русланжан Райымбақиев шәкірттері қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.

Матчтың 19-минутында Роман Черноморец есеп ашты. Арада небәрі екі минут өткенде Әнуар Төленді басымдықты еселеді. Ол 24-минутта тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. 

Бірінші тайм аяқталар тұста Сәлім Хасанов төртінші голды соқты. Осылайша қазақстандық футболшылар үзіліске 4:0 есебімен шықты.

Екінші таймда тағы үш гол соғылды

Үзілістен кейін де отандастарымыз шабуылын бәсеңдеткен жоқ. 60-минутта Ислам Рашидов есепті 5:0-ге жеткізсе, үш минуттан соң Роман Черноморец өзінің екінші голын соқты. Ал кездесудің 78-минутында Ибраһим Асан матчтағы соңғы нүктені қойды.

Қазақстан U-17 құрамасы іріктеу кезеңіндегі келесі кездесуін 17 қарашада өткізеді. Бұл жолы Русланжан Райымбақиев баптайтын команда шағын турнирдің қожайыны Грузиямен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19