Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Испанияда футбол матчындағы қайғылы оқиғадан кейін қақпашы жауапқа тартылды

Дисциплинарлық орган 25 жастағы Овононың әрекетін ереже талаптарын өрескел бұзу деп бағалады.

Испанияда футбол матчындағы қайғылы оқиғадан кейін қақпашы жауапқа тартылды
rbc.ru

Испанияның Сегунда дивизионында болған қайғылы оқиғадан кейін "Андорра" қақпашысы Хесус Овоно 12 матчқа дисквалификацияланды.

Ол "Тенерифе" шабуылшысы Хесус де Мигельмен соқтығысқан. Кейін футболшы алған жарақаттарының салдарынан көз жұмғаны хабарланды.

Дисциплинарлық орган 25 жастағы Овононың әрекетін ереже талаптарын өрескел бұзу деп бағалады.

Соның нәтижесінде қақпашы 12 кездесуге қатысу құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, оған қосымша қаржылық санкциялар да қолданылған.

Қайғылы сәт матч соңында болды

Оқиға Испания Сегундасының 12-туры аясындағы "Андорра" – "Тенерифе" кездесуінің қосымша уақытында болған.

90+7-минутта Овоно қақпасынан алға шығып, қарсыластың шабуылын тоқтатуға әрекеттенген кезде алаңның орталық бөлігінде де Мигельмен соқтығысты.

Осы эпизодтан кейін төреші "Андорра" қақпашысына тікелей қызыл қағаз көрсетті.

Футболшы ауруханада көз жұмды

Соқтығысудан кейін "Тенерифе" шабуылшысы алаңда жатып қалды. Бірнеше секундтан кейін ойыншылар оның есінен танып қалғанын байқаған. Медициналық бригада футболшыны шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Оқиғаның мән-жайы қаралғаннан кейін дисциплинарлық комитет Хесус Овононы 12 матчқа шеттету туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы не ойлайсыз?