Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы Молдовадан екінші рет жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Молдоваға есе жіберді.

Матч беті Молдова 2:1 Қазақстан 13 қараша, жұма · Ұлттар лигасы, 5-тур Голдар мен құрамдар →
Қазақстан құрамасы Молдовадан екінші рет жеңілді
Instagram/@kff_team

Есепті теңестіргенімен ұпайсыз қалды

Ойынның алғашқы бөлігінде алаң иелері басымдыққа ие болды. 39-минутта Молдова құрамасының шабуылшысы Петру Попеску мергендік танытып, командасын алға шығарды. Үзілістен кейін қазақстандық футболшылар таразы басын теңестіре алды. 51-минутта Ислам Чесноков қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Бірақ 77-минутта Петру Попеску тағы да гол соғып, дубль авторы атанды. Осылайша Молдова құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпайды қоржынына салды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін өз алаңында өткен алғашқы кездесуде де Молдоваға дәл осындай есеппен жол берген еді.

Соңғы орында

Бес турдың қорытындысы бойынша C3 тобындағы жағдай төмендегідей:

1. Словакия – 10 ұпай;

2. Молдова – 7 ұпай;

3. Фарер аралдары – 4 ұпай;

4. Қазақстан – 2 ұпай.

Осылайша Қазақстан құрамасы бес кездесуден кейін небәрі екі ұпай жинап, топтың соңғы сатысында қалып отыр. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі ойынын 16 қарашада өткізеді. Бұл жолы өз алаңында топ көшбасшысы Словакияны қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?