Ислам Чесноков
Islam Chesnokov латынша
Ислам Чесноков — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, Қазақстан құрамасының ойыншысы, «Тобыл» сапында Қазақстан кубогын екі рет (2023, 2025) жеңіп алған. 2024 жылы Қазақстан суперкубогын жеңіп, Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі атанды. «Харт оф Мидлотиан» клубымен 2025/26 маусымында Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері болды.
- Спорт түрі
- Футбол
- Туған күні
- 21.11.1999
- Туған жері
- Өскемен
- Қазақстан кубогы
- 2023, 2025
- Шотландия чемпионаты
- Күміс жүлде, 2025/26
- Қазақстан суперкубогы
- 2024
- Үздік бомбардир
- Қазақстан чемпионаты, 2024
Анықтама Уикипедия бойынша: Islam Chesnokov, Ислам Хусиевич Чесноков, Чесноков, Ислам Хусиевич
Магомед Адиев Қазақстан құрамасына оралуға қатысты ойын айтты
Ресейлік маманның пікірінше, Қазақстан футболы созылмалы дағдарыс кезеңінен өтіп жатыр.
Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасында қалуы керек пе: бес негізгі себеп
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында үш турдан кейін жеңіссіз қалып, өз тобында соңғы орынға түсті. Осыған байланысты нидерландтық маманның қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат та тарай бастады
Фарер аралдарына қарсы матч алдында Қазақстанға жағымсыз жаңалық жетті
Қазақстан құрамасының және Грозныйдың "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы екі кездесуге қатыса алмайды.
Ұлттар лигасы алдында Қазақстан құрамасы екі негізгі ойыншысынан айырылды
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасындағы алғашқы матчтары қарсаңында кадрлық мәселеге тап болды.
Ислам Чесноков РПЛ көшбасшысына қарсы матчта ең төмен баға алды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ресей Премьер-лигасының жетінші турында "Крылья Советов" сапында "Краснодарға" қарсы ойнады.
Ислам Чесноков РПЛ-дегі дебютін бағалады
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасындағы дебютінен кейін ойын деңгейіне баға берді.
Нұралы Әліп "Зениттің" Ресей кубогындағы жеңісіне үлес қосты
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогының топтық кезеңінде "Зенит" сапында толық матч өткізіп, командасының "Крылья Советовты" жеңуіне көмектесті.
Қазақстан құрамасының жұлдызы клуб ауыстырды
Ислам Чесноков мансабын Ресейде жалғастырады.
Ислам Чесноков Ресей чемпионатына ауысады
Қазақстан құрамасының футболшысы мансабын "Крылья Советовте" жалғастыруға жақын.
Ислам Чесноков РПЛ клубына ауысады
Қазақстан құрамасы мен Қостанайдың "Тобыл" клубының вингері Ислам Чесноков мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастыруға жақын.
Ислам Чесноковтың трансферіне қатысты ақпарат жоққа шығарылды
Қостанайлық "Тобыл" ФК Ислам Чесноковтың шотландиялық "Хартстан" оралуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған трансферлік мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
"Тобыл" Ислам Чесноковтың оралғанын ресми жариялады
Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков шотландиялық "Хартс" сапындағы кезеңінен кейін Қостанайдың "Тобыл" клубына қайта оралды.
Чесноков "Хартстан" кейін ҚПЛ клубына оралуға жақын
Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков шотландиялық "Хартс" клубынан қостанайлық "Тобылға" трансфер жасауы мүмкін.
Ислам Чесноков "Тобылға" оралады
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы мансабын қайтадан қостанайлық клубта жалғастырады.
"Крылья Советов" Ислам Чесноков үшін 200 мың еуро ұсынуға дайын
Қазақстан құрамасы және шотландиялық "Хартс" клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковқа Ресей Премьер-лигасының өкілі қызығушылық танытып отыр.
Ислам Чесноков ҚПЛ-дың қай клубына қосылатыны айтылды
Ислам Чесноковтың Еуропадағы бейімделу кезеңі ауыр өтіп жатыр. Осыған байланысты "Хартс" жазғы трансферлік кезеңде қазақстандық вингермен қоштасу нұсқаларын қарастыруға дайын.
Шотландиядан Шымкентке: "Ордабасы" Чесноковты елге қайтармақ
Шымкенттік клуб Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы әрі шотландиялық "Хартстың" ойыншысы Ислам Чесноковтың трансфері бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"Тобыл" Ислам Чесноковты "Хартстан" қайтаруды көздеп отыр
Қостанайлық клуб ойыншыны жалға алу бойынша сұрау жолдаған.
Ислам Чесноков ойнаған "Хартс" чемпиондықтан 88-минутта айырылып қалды
Шотландия чемпионатының соңғы турында эдинбургтік "Хартс" сырт алаңда "Селтикке" есе жіберіп, алтын медальге қол созым жерден тоқтады.
Ислам Чесноков Шотландияда чемпиондыққа жақындай түсті
Шотландия чемпионатының 35-турында "Хартс" өз алаңында "Рейнджерсті" қабылдап, тартысты кездесуде жеңіске жетті.