Чесноков "Хартстан" кейін ҚПЛ клубына оралуға жақын

Спорт шолушысы

Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков шотландиялық "Хартс" клубынан қостанайлық "Тобылға" трансфер жасауы мүмкін. 

Чесноков "Хартстан" кейін ҚПЛ клубына оралуға жақын
Paul Devlin/SNS Group via Getty Images

АmanVibe дерегінше “Тобыл” шотландиялық клубпен 26 жастағы футболшының трансферлік құқықтарын толық сатып алу жөнінде келісімге келген. Төлем бірнеше кезеңмен, екі жыл ішінде жүзеге асырылмақ. Футболшының қостанайлық клубпен жасасатын келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін есептеледі.

Чесноковтың бұл қадамына басқа клубтар тарапынан түскен қаржылай тиімді ұсыныстар әсер етпегені айтылады. Ол мансабын қайтадан Қостанайда жалғастыруды жөн көрген.

Жақын уақытта футболшының өзі Қостанайға келеді. Ресми ақпарат “Хартс” тарапынан барлық құжаттық рәсімдер аяқталғаннан кейін жарияланады. Айта кетейік, осыған дейін ойыншыға “Ақтөбе” мен “Ордабасы” тарапынан да қызығушылық болған.

Клуб статистикасы

Қазір “Тобыл” ҚПЛ турнирлік кестесінде 13-орында келеді. Команда 14 турдан кейін 12 ұпай жинаған.

Ал Ислам Чесноков жыл басынан бері “Хартс” сапында 11 матч өткізіп, 1 гол соққан. Команда Шотландия чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.