"Крылья Советов" Ислам Чесноков үшін 200 мың еуро ұсынуға дайын
Қазақстан құрамасы және шотландиялық "Хартс" клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковқа Ресей Премьер-лигасының өкілі қызығушылық танытып отыр.
Ресейлік клуб қызығып отыр
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың мансабын жалғастыруына тағы бір нұсқа пайда болды.
Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше, футболшыға Самараның "Крылья Советов" клубы қызығушылық танытып отыр. Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін команда шотландиялық "Хартсқа" вингердің трансфері үшін 200 мың еуро ұсынуға дайын.
Чесноков Шотландияда 10 матч өткізді
Еске салайық, Ислам Чесноков Шотландия чемпионатына өткен қыста ауысқан.
"Хартсқа" қосылғаннан кейін қазақстандық футболшы Шотландия Премьер-лигасында 10 матчқа қатысып, 1 гол соқты.
Дереккөздің хабарлауынша, Чесноковқа Қазақстан Премьер-лигасының клубтарынан да қызығушылық сақталып отыр.
Футболшыны қатарға қосуға үміткерлердің арасында Шымкенттің "Ордабасы" мен Қостанайдың "Тобылы" аталып жүр.
Шотландиядағы алғашқы маусымында күміс жүлде алды
Ислам Чесноков Шотландиядағы дебюттік маусымында ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ал Transfermarkt порталы қазақстандық футболшының нарықтық құнын 1,2 миллион еуроға бағалап отыр.