Қазақстан U-19 құрамасы Грекиядан жеңілгенімен Еуро-2027 іріктеуінің элиталық кезеңіне өтті (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеу турниріндегі соңғы ойында Грекияға есе жіберді.
Кімдер гол соқты?
Матч Грекияның Салоники қаласындағы "Тумба" стадионында өтіп, 4:2 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Грекия құрамасы сапынан Николаос Аврамулис, Антониос Аретис және Димитриос Бердос дубльмен көзге түсті. Қазақстан құрамасының голдарын команда капитаны Исмаил Бекболат пен Аламгир Смақов соқты.
Қазақстан келесі кезеңге қалай өтті?
Жеңіліске қарамастан Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің А лигасы бойынша екінші кезеңіне шығу міндетін мерзімінен бұрын орындады. Үш тур қорытындысында қазақстандықтар 4 ұпай жинап, өз тобында үшінші орынға тұрақтады.
Турнир ережесіне сәйкес, әр топтағы үздік үш команда А лигасында күресті жалғастырады. Ал төртінші орын алған құрама В лигасы деңгейіне түседі.
Қазақстан құрамасы іріктеу турнирін сәтті бастаған. Бірінші турда Португалиямен 1:1 есебімен ойнап, маңызды ұпай еншіледі. Ал екінші кездесуде Сербияны 3:1 есебімен жеңді.