Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

АҚШ-тың үздік боксшысы қазақ оғланынан жеңілді

Бейбарыс Әшірбай Черногорияда бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында маңызды жеңіске жетті.

АҚШ-тың үздік боксшысы қазақ оғланынан жеңілді
instagram.com/boxingkazakhstan/

АҚШ чемпионын қалай жеңді?

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бейбарыс Әшірбай ширек финалда америкалық Асанте Ламармен кездесті. Оның қарсыласы – 2025 жылғы АҚШ чемпионы.

Жекпе-жек үш раундқа созылды. Тартысты өткен кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер 3:0 есебімен қазақстандық боксшының жеңісін тіркеді. Осы нәтижеден кейін Бейбарыс Әшірбай әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кемінде қола медаль иегері атанды.

Әшірбайдың жетістіктері

Бейбарыс Әшірбай – Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасында ең тәжірибелі әрі атақты боксшылардың бірі. Жас боксшы халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жоғары нәтиже көрсетіп үлгерген.

Оның басты жетістіктері:

  • 2026 жыл – Джакартада өткен Азия чемпионатының алтын жүлдегері;
  • 2026 жыл – Бангкоктағы World Boxing Futures Cup турнирінің жеңімпазы;
  • 2025 жыл – Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Енді қазақстандық былғары қолғап шебері бұл жетістіктерін әлем чемпионатының медалімен толықтырды.

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U19 әлем чемпионаты 16 қазанда басталды. Дүбірлі дода 27 қазанға дейін жалғасады. World Boxing халықаралық ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа 69 елден 474 жас боксшы қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?