Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан бокстан әлем чемпионатында екінші медаль жеңіп алды

Будва қаласында 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлде еншіледі.

Қазақстан бокстан әлем чемпионатында екінші медаль жеңіп алды
Instagram/@boxingkazakhstan

Еркетаң Жарқынбек германиялық боксшыны жеңді

Қазақстандық боксшы ширек финалда Германиядан келген Йоан Эрнандеспен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте екі боксшы жеңіске жету үшін барын салды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі екіге бөлініп, 3:2 есебімен Еркетаң Жарқынбек жеңімпаз атанды.

Осылайша қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медаль еншілейді.

Қазақстан қоржынында екі медаль бар

Еркетаң Жарқынбектің бұл жетістігі Қазақстан құрамасының Будвадағы әлем біріншілігінде кемінде екі жүлде алатынын білдіреді.

Бұған дейін 80 келі салмақта сынға түсетін Зарина Толыбай да жартылай финалға жолдама алып, ел құрамасының алғашқы медалін қамтамасыз еткен. 

19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты Черногорияның Будва қаласында 16–27 қазан аралығында ұйымдастырылып жатыр. Биылғы додаға 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы бақ сынауда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19