Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық гүрзі жұдырықты қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді

Владислав Саможонов Черногорияның Будва қаласында 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық гүрзі жұдырықты қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді
sportilinet.kz

Саможонов рингте үстемдік құрды

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Владислав Саможонов ширек финалда германиялық Олувайоми Ремелмен қолғап түйістірді.

Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында басымдық танытып, қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірді. Екінші және үшінші раундтарда төреші неміске есеп ашуға мәжбүр болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен Владислав Саможоновтың жеңісін тіркеді.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, елге кемінде қола жүлдемен оралады.

Азия чемпионы жеңісті жолын жалғастыруда

Айта кетейік, Владислав Саможонов биыл 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанған.

Ал Будвадағы әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде түркиялық Хакан Дениз Коскунды мерзімінен бұрын жеңген. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19