Ислам Чесноковтың трансферіне қатысты ақпарат жоққа шығарылды
Қостанайлық "Тобыл" ФК Ислам Чесноковтың шотландиялық "Хартстан" оралуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған трансферлік мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Клуб трансфер сомасы туралы ақпаратты растамады
Бұған дейін бірқатар БАҚ, Telegram арналары мен спорттық парақшаларда Ислам Чесноковтың “Хартстан” “Тобылға” ауысу шарттары туралы деректер тараған. Қостанайлық клуб ресми мәлімдеме жасап, жарияланған ақпаратты жоққа шығарды.
“Бірқатар БАҚ-та, Telegram арналарында және спорттық пабликтерде Ислам Чесноковтың шотландиялық “Хартстан” ауысуына қатысты мәліметтер пайда болды. Ресми түрде мәлімдейміз: таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді”, – делінген клуб хабарламасында.
Transfermarkt ресми дереккөз емес
“Тобыл” өкілдерінің мәліметінше, көптеген ресурстар жекелеген журналистердің инсайдерлік ақпаратына сүйеніп, расталмаған деректерді қайта жариялаған.
Клуб сондай-ақ Transfermarkt порталы футболшылардың ауысуы жөніндегі ресми ақпарат көзі саналмайтынын атап өтті. “Тобылдың” мәлімдеуінше, аталған сайттағы сандар да баспасөзде тараған қауесеттер негізінде көрсетілген.
Қостанайлық команда футболшының ауысуына қатысты қаржылық және келісімшарттық талаптар жарияланбайтынын хабарлады.
“Ислам Чесноковтың трансфер шарттары клубтар арасындағы келісімге сәйкес қатаң құпия сақталады”, – деп жазды “Тобылдың” баспасөз қызметі.
“Тобылға” қашан оралды?
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2026 жылы 28 маусымда “Тобылға” ресми түрде қайта қосылды.
26 жастағы футболшы 2026 жылдың қаңтарында шотландиялық “Хартс” клубына ауысқан. Алайда оның Еуропадағы кезеңі алты айға ғана созылып, жазда Қазақстан Премьер-лигасына оралу туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін қазақстандық спорттық БАҚ пен Transfermarkt порталы “Тобыл” Чесноковтың трансферлік құқығын шамамен 400 мың еуроға, яғни 215 миллион теңгеге сатып алғанын жазған. Сондай-ақ ойыншымен 2028 жылдың соңына дейін келісімшарт жасалғаны хабарланған.