БАҚ: Килиан Мбаппе Испанияға қарсы матчқа дайын емес

Футбол шолушысы

RMC Sport мәліметінше, футболшыны әлі де оң жақ тобығы мазалап жүр.

БАҚ: Килиан Мбаппе Испанияға қарсы матчқа дайын емес
sovsport.ru

15 шілде күні 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Франция мен Испания құрамалары кездеседі. Шешуші ойын алдында француздардың басты жұлдызы Килиан Мбаппенің физикалық жағдайы басты тақырыптардың біріне айналды.

RMC Sport ақпараты бойынша, Килиан Мбаппе Испаниямен матчқа дейін командамен толық жаттығу өткізбеген. Ол негізгі топтан бөлек дайындалып, доппен жұмыс істемеген.

Футболшы Мароккоға қарсы ширек финалда жарақат алған еді. Оң жақ тобығы әлі де мазалап жүрген көрінеді. 

Дешам Мбаппенің ойнай алатынын айтты

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Мбаппенің жағдайына қатысты алаңдаушылық бар екенін жоққа шығармады. Дегенмен маман шабуылшының жартылай финалда алаңға шыға алатынын растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Мбаппе толық қалпына келмесе де, Испанияға қарсы кездесуді негізгі құрамда бастауы мүмкін.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасының барлық алты матчына қатысты.