Франция — Испания: ӘЧ-2026 жартылай финалына превью

Бас редактор

Бұл матч турнирдің басты текетірестерінің бірі саналады. Франция жеңісті сериясын жалғастыруды көздесе, Испания соңғы екі жылдағы басты қарсыласына қарсы тағы да сәтті өнер көрсетуге тырысады.

Франция — Испания: ӘЧ-2026 жартылай финалына превью
football24.ua

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Франция мен Испания құрамалары кездеседі. Бірі турнирде барлық ойынын негізгі уақытта жеңсе, екіншісі шешуші сәттерде нәтиже шығара білетін Испания құрамасы.

Франция жартылай финалға сенімді жетті

Франция құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалға жету үшін аса қиналған жоқ. Команда топтық кезеңде тұрақты ойын көрсетті. Ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен жеңді.

Дегенмен, дәл осы матчта Килиан Мбаппе жарақат алып, алаңнан кетті. Соған қарамастан, Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам шабуылшының жарақаты жеңіл екенін айтады.

Мбаппенің өзі де жағдайы жақсы екенін жеткізген. Сондықтан оның Испанияға қарсы жартылай финалда алғашқы минуттардан алаңға шығуы әбден мүмкін. 

Сондай-ақ Ману Коне де тізесін жарақатта алды. Егер толық қалпына келмесе, оның орнын Орельен Тчуамени алмастырады. 

Франция шабуылда да, қорғаныста да мықты

Францияның басты қаруы — шабуылдағы жұлдыздары. Килиан Мбаппе бұл әлем чемпионатында әр матчта гол соғып немесе нәтижелі пас беріп келеді.

Фото: rbc.ru

Одан бөлек, Усман Дембеле мен Майкл Олисе де қарсыластарға үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл екі ойыншының гол+пас жүйесіндегі жалпы көрсеткіші 12 ұпайға жеткен.

Дегенмен соңғы екі ойында Францияның нәтижелілігі сәл төмендеді. Бұған дейін команда әр матчта кемінде үш гол соғып жүрген болса, соңғы екі кездесуде үш голмен шектелді.

Шабуылдағы сапамен қатар Франция қорғаныста да өте жинақы көрінеді. Алты матчта команда небәрі екі гол жіберді. Екеуі де топтық кезеңде соғылды. Үшінші турдан бері Франция қақпасына гол жібермей келеді. 

Испания плей-оффта екі рет соңғы минуттарда жеңіске жетті

Испания құрамасының плей-оффтағы жолы біртіндеп қиындап түсті. Алдымен Луис де ла Фуэнте командасы Австрияны 3:0 есебімен сенімді ұтты.

Одан кейін Португалияға қарсы матчта Испания басым көрінгенімен, жеңісті тек 91-минуттағы голдың арқасында жұлып алды. Ширек финалда Бельгиямен өткен кездесу одан да тартысты болды.

Фото: news.sportbox.ru

Испания негізгі көрсеткіштер бойынша қарсыласынан жақсырақ көрінгенімен, алаңдағы басымдық айқын сезіле қойған жоқ. Матч қосымша уақытқа кетуі мүмкін еді, алайда Тибо Куртуаның жарақаты және оның орнына шыққан Сенне Ламменстің қателігі Испанияға тағы да соңғы сәтте жеңіс әкелді.

Мерино тағы да қосалқы құрамнан шығуы мүмкін

Испанияның соңғы екі матчтағы басты қаһармандарының бірі — Микель Мерино. Ол қосалқы құрамнан шығып, шешуші голдар соқты.

Фото: NUR.KZ

Сондықтан Де ла Фуэнте жартылай финалда да оны "джокер" ретінде пайдалануы мүмкін. Мериноға ойынға әсер ету үшін көп уақыт қажет емес екенін соңғы кездесулер көрсетті.

Испания Де ла Фуэнте кезінде Франциядан жеңілген жоқ

Бұл матч - екі құраманың соңғы екі жылдағы үшінші кездесуі болмақ. Луис де ла Фуэнте тұсында Испания Франциямен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Фото: Meta-ratings.kz

Бірінші матч Еуро-2024 жартылай финалында өтті. Сол ойында Испания жылдам гол жіберсе де, кейін камбэк жасап, жеңіске жеткен еді.

Кейін командалар Ұлттар лигасында тағы жолықты. Испания бір сәтте 4:0, кейін 5:1 есебімен алда тұрды. Франция соңында есеп айырмасын қысқартқанымен, испаниялықтар басымдықты сақтап қалды.

Матч қалай өрбуі мүмкін?

Франция әзірге нағыз топ деңгейдегі қарсыласпен кездеспеді. Испанияға қарсы жартылай финал Дешам командасы үшін алғашқы үлкен сынақ болуы мүмкін.

Ал Испания соңғы екі матчта қиындық көрсе де, шешуші сәтте нәтиже шығара білді. Сонымен қатар Де ла Фуэнте командасы бұған дейін Францияны екі рет жеңген.

Бұл әлем чемпионатында Франция да, Испания да әлі бірде-бір рет ұтылып көрген жоқ. Екі команда да қысымға төтеп беріп, матч тағдырын өз пайдасына шешуді біледі.

Сондықтан Франция — Испания жартылай финалы өте тартысты өтуі ықтимал. Қарсыластардың деңгейі мен ойын стилін ескерсек, кездесу негізгі уақытта аяқталмай, қосымша уақытқа дейін созылуы да мүмкін.