"Ақтөбенің" бас бапкері отставкаға кетеді

Футбол шолушысы

Клуб словакиялық маман Штефан Тарковичпен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу мәселесін талқылап жатыр.

"Ақтөбенің" бас бапкері отставкаға кетеді
Instagram/@fcaktobe_official

"Ақтөбе" Тарковичпен келісімшартты бұзуға дайын

Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше, тараптар келісімшартты тоқтатудың негізгі талаптарын қарастыруда. Енді клуб пен бапкер өтемақы мөлшері жөнінде ортақ шешімге келуі керек.

"Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерді қызметінен босатуға шешім қабылдады. Мендегі ақпарат бойынша клуб басшылығы Штефан Тарковичпен қолданыстағы келісімшартты бұзу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Тараптарға тек өтемақы көлемін анықтау қалды. Словакиялық маман команданы сәуір айының басында қабылдағанымен нәтижелерді тұрақтандыра алмады", – деп жазды Аманбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Штефан Тарковичтің көрсеткіші

53 жастағы маман "Ақтөбе" ФК бас бапкері қызметіне биыл 1 сәуірде ресми түрде тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда Қазақстан Премьер-лигасында 14 матч, ел кубогінде тағы 3 кездесу өткізді.

Барлық турнирді есепке алғанда "Ақтөбе" Таркович тұсында:

  • 7 матчта жеңіске жетті;
  • 4 ойында тең түсті;
  • 6 кездесуде жеңіліс тапты.

Осылайша словакиялық бапкердің клубтағы қызметі бірнеше айға ғана созылуы мүмкін.