"Әл-Хиляль" Харри Кейннің трансфері бойынша келіссөз бастады
Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн мансабын Сауд Арабиясы чемпионатында жалғастыруы мүмкін.
Арабтар Кейннің өкілдерімен байланысқа шықты
Sky Sport мәліметінше, саудиялық клуб 32 жастағы футболшының өкілдерімен алғашқы келіссөздерді бастаған. Дегенмен Харри Кейн болашағына қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ.
Ағылшындық шабуылшы алдымен "Әл-Хиляль" ұсынатын келісімшарт талаптарымен толық танысып, содан кейін ғана ұсынысқа жауап беруді жоспарлап отыр.
Кейннің трансферлік құны қанша?
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Кейннің "Бавариямен" жасалған келісімшартында арнайы тармақ бар. Ол футболшының Германия клубындағы үшінші маусымында 65 миллион еуроға трансфер рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Осы тармақ "Әл-Хиляльге" шабуылшыны белгіленген сомаға сатып алуға жол ашуы мүмкін.
"Бавариядағы" көрсеткіші
Харри Кейн "Бавария" сапына 2023 жылдың жазында лондондық "Тоттенхэмнен" ауысқан. Англия құрамасының капитаны өткен маусымда барлық турнирде 51 матч өткізіп, 61 гол соқты.
Сонымен қатар шабуылшы әріптестеріне жеті нәтижелі пас беріп, мюнхендік клубтың басты сұрмергендерінің бірі атанды.