Шотландиядан Шымкентке: "Ордабасы" Чесноковты елге қайтармақ
Шымкенттік клуб Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы әрі шотландиялық "Хартстың" ойыншысы Ислам Чесноковтың трансфері бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұл туралы Bad Football телеграм-арнасы хабарлады.
"Чесноков Шымкентке ауысуы мүмкін. Алдымен шотландиялық инсайдерлер Исламның елге оралуы ықтимал екенін жазды. Кейін бұл ақпаратқа қазақстандық дереккөздер де қосылды. Оған қызығушылық танытатын клубтар аз емес, бірақ футболшыны елге қайтару бағытында нақты әрі жүйелі жұмыс істеп жатқан жалғыз қазақстандық команда — “Ордабасы", — делінген хабарламада.
Ислам Чесноков 2026 жылдың қаңтарында ресии түрде шотландиялық "Хартс" клубының ойыншысы атанды. Ол бұған дейін "Тобыл" сапында өнер көрсетіп, шотландиялық командаға еркін агент ретінде ауысқан.
Қазақстандық жартылай қорғаушы "Хартс" құрамында барлық турнирде 11 матчқа қатысып, 1 гол соқты. Маусым қорытындысы бойынша Чесноков командасымен бірге Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Әзірге тараптар трансфер жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен қазақстандық футболшының елге оралуы мүмкін екені туралы ақпарат жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.