Неймар әлем чемпионатының алғашқы матчына қатыса алмайды

Спорт шолушысы

Танымал футболшы балтыр бұлшықетінен алған жарақатына байланысты Бразилия құрамасы сапындағы алғашқы матчты өткізіп алады.

Неймар әлем чемпионатының алғашқы матчына қатыса алмайды
Getty Images

Бразилия футбол конфедерациясы футболшының екінші деңгейлі бұлшықет жарақатын алғанын ресми түрде растады. Дәрігер Родриго Ласмардың айтуынша, 34 жастағы шабуылшыға толық қалпына келу үшін екі-үш апта қажет.

“МРТ нәтижесі Неймарда жай ісіну емес, екінші деңгейлі балтыр бұлшықетінің жарақаты бар екенін көрсетті”

Осыған байланысты Неймар Панама және Египет құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге қатыспайды. Сонымен қатар оның 13-маусымда Мароккоға қарсы өтетін әлем чемпионатындағы алғашқы ойынға да үлгермеуі мүмкін екені айтылуда.

Бразилия қай топта ойнайды?

Бразилия ұлттық құрамасы әлем чемпионатында С тобында өнер көрсетеді. Карло Анчелоттидің шәкірттері топтық кезеңде Мароккомен (13-маусым) , Гаитимен (19-маусым), Шотландиямен (24-маусымда) кездеседі. Турнир АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Неймар соңғы рет ұлттық құрама сапында 2023 жылдың қазанында ойнаған еді. Ұлттық құрамада 128 матчта 79 гол соққан шабуылшы көптеген жылдар бойы жарақат алып, “Сантосқа” оралғаннан кейін өзін толық көрсете алмады. Футболшы жақында әлем чемпионатына арналған 26 ойыншыдан тұратын соңғы тізімге енді. Бұл Неймардың мансабындағы төртінші әлем чемпионаты болмақ.