ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

"Ордабасы" "Қайраттың" 18 матчтық жеңіліссіз сериясын үзді (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында "Ордабасы" Шымкентте "Қайратты" 2:1 есебімен жеңді.

"Ордабасы" "Қайраттың" 18 матчтық жеңіліссіз сериясын үзді (ВИДЕО)
instagram/@fc__ordabasy

"Қайрат" ерте гол соқты

Кездесу алматылықтар үшін сәтті басталды. 14-минутта португалиялық шабуылшы Жоржиньо Эдмилсонның пасын нәтижелі пайдаланып, есеп ашты. Дегенмен алаң иелері тез ес жиып, қысымды арттырды. 26-минутта бұрыштамадан кейін айып алаңында тиімді позиция таңдаған камерундық қорғаушы Ги-Марселин Килама таразы басын теңестірді.

Екінші таймда "Ордабасы" шабуылдағы белсенділігін сақтап қалды. 64-минутта шымкенттік клубтың көшбасшыларының бірі Эльхан Астанов дәл соққысымен командасына маңызды жеңіс сыйлады.

Осылайша "Қайраттың" 18 матчқа созылған жеңіліссіз сериясы үзілді. Алматылықтар ҚПЛ-де соңғы рет былтыр тамыз айында "Елімайға" қарсы ойында ұпайсыз қалған. 

"Ордабасы" жеке дара көш бастады

Осы жеңістен кейін "Ордабасы" ұпай санын 28-ге жеткізіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Ал "Қайрат" 26 ұпаймен екінші сатыда қалды. 

Келесі турда "Ордабасы" Семейге "Елімайға" қонаққа барады. Ал "Қайрат" өз алаңында "Атырауды" қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.