Абдукодир Хусанов АҚШ-қа жетіп, Өзбекстан құрамасына қосылды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

"Манчестер Сити" қорғаушысы Өзбекстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына қосылды.

Абдукодир Хусанов АҚШ-қа жетіп, Өзбекстан құрамасына қосылды (ВИДЕО)
instagram/@abdukodir_khusanov

Хусанов Нью-Йорке жетті

Өзбекстан футбол қауымдастығының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде 23 жастағы қорғаушының Нью-Йоркке келген сәтінен видео жариялады. Кадрларда футболшыны әуежайда күтіп алғаны көрсетілген.

Хусановқа ұлттық құраманың ресми маскоты — сұр қасқыр табысталды. Бұдан кейін ойыншы полицияның сүйемелдеуімен команда базасына жеткізілді.

"Манчестер Сити" сапындағы жетістігі

Хусанов өткен маусымда "Манчестер Сити" құрамында бірнеше маңызды жүлде жеңіп алды. Наурыз айында оның командасы "Уэмбли" стадионында Англия футбол лигасы кубогының финалында "Арсеналдан" 2:0 есебімен басвм түсті. 

Ал мамыр айында "қалалықтар" Англия кубогының шешуші кездесуінде "Челсиді" 1:0 есебімен ұтып, тағы бір трофей иеленді.

Өзбекстан құрамасының АҚШ-тағы жоспары

Өзбекстан құрамасы Нью-Йоркке 26 мамырда бейімделу үшін келді. Команда 29 мамырға дейін осы қалада оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Одан кейін Эдмонтонға аттанып, 1 маусымда Канадаға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Артынша қайтадан Нью-Йоркке оралып, 8 маусымда Icahn Stadium аренасында Нидерланд құрамасымен бақылау матчын ойнайды.

Әлем чемпионаты 11 маусым күні басталады.