"Атырау" мен "Тобыл" жеңімпазды анықтаған жоқ (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында "Атырау" мен Қостанайдың "Тобыл" клубы өзара тең ойнады.
Қостанайлық клуб кездесуді белсенді бастады. Бірінші таймда Александр Зуевтың соққысынан кейін доп "Атырау" қорғаушысынан рикошетпен алаң иелерінің қақпасына кіріп кетті.
Екінші таймда "Атырау" есепті теңестіруге мүмкіндік алды. 71-минутта Дәурен Жұмат өз айып алаңында Руслан Юденковке қарсы ереже бұзды. Бас төреші пенальти белгіледі. "Мұнайшылардың" жартылай қорғаушысы Марио Рабиу он бір метрлік айып добын дәл орындады. Қорытынды есеп — 1:1.
Бұл нәтижеден кейін "Тобыо" 9-ға жинап, турнир кестесінде 15-орында қалды.
Ал "Атырау" 14 ұпаймен 10-орында келеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.