ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Ислам Чесноков Ресей чемпионатына ауысады

Қазақстан құрамасының футболшысы мансабын "Крылья Советовте" жалғастыруға жақын.

Ислам Чесноков Ресей чемпионатына ауысады
vesti.kz

Ресей Премьер-лигасына аттанбақ

Telegram желісіндегі "Инсайды от Карпа" арнасының мәліметінше, "Крылья Советов" Ислам Чесноковты жалға алу жөнінде келісімге келген. Келісімшартта кейіннен футболшының трансферлік құқығын міндетті түрде сатып алу шарты қарастырылған.

Дереккөздің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының ойыншысы 18 тамызда Мәскеуде медициналық тексеруден өтуі тиіс. Одан кейін Чесноков Самараға аттанып, жаңа командасының кешкі жаттығуына қатысады және келісімшартқа қол қояды.

Трансфер құны қанша?

Ақпаратқа сәйкес, бастапқыда футболшы "Крылья Советов" сапында жалдау шартымен өнер көрсетеді. Кейін самаралық клуб оның трансферін 250 мың еуроға сатып алуға міндетті болады.

Сондай-ақ дереккөз Чесноковтың Ресейдегі айлық жалақысы шамамен 2,8 миллион рубль болатынын жазды.

"18 тамызда Чесноков медициналық тексеруден өтеді. Одан кейін Самараға барып, командамен жаттығуға қатысып, келісімшартқа қол қояды. Бұл – 250 мың еуроға міндетті сатып алу шарты қарастырылған жалға беру келісімі", – делінген ақпаратта.

"Зенитке" қарсы матчқа қатысуы мүмкін

Жоспар бойынша Ислам Чесноков 19 тамызда Ресей кубогындағы "Зенитке" қарсы "Крылья Советовтың" өтініміне енгізілуі мүмкін.

Қазақстандық футболшы жаңа клубында 17-нөмірмен өнер көрсетеді деп күтілуде.

Бұл Ислам Чесноковтың Қазақстаннан тыс жерде бақ сынауға жасаған алғашқы қадамы емес. Бұған дейін футболшы Шотландияның "Хартс" клубына ауысқан болатын. Алайда қазақстандық ойыншының Ұлыбританиядағы кезеңі ойдағыдай өтпеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.