Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Софья Самоделкина АҚШ-тағы рекордтық нәтижеден кейін жанкүйерлеріне қазақша үн қатты

АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде Самоделкина еркін бағдарламада 137,56 ұпай жинады. Бұл – оның осы маусымдағы еркін бағдарлама бойынша ең жоғары көрсеткіші.

Софья Самоделкина АҚШ-тағы рекордтық нәтижеден кейін жанкүйерлеріне қазақша үн қатты
NUR.KZ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-та өткен ISU Skate America-2026 Гран-при кезеңінен кейін жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты.

19 жастағы спортшы Instagram парақшасында ағылшын және қазақ тілдерінде жазба жариялады.

"Бәріңе сәлем! Қолдауларыңыз үшін көп рақмет! Алға!" – деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.

Еркін бағдарламада маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті

АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде Самоделкина еркін бағдарламада 137,56 ұпай жинады. Бұл – оның осы маусымдағы еркін бағдарлама бойынша ең жоғары көрсеткіші.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 198,59 ұпай жинап, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Жеңіс жапониялық спортшыға бұйырды

Skate America-2026 кезеңінде жапониялық Ами Накаи 236,81 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Александра Игнатова 213,90 ұпаймен екінші орын алса, Рино Мацуикэ 211,63 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?