Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық дзюдошылар Хорватияда көш бастады

Қазақстан құрамасы Загребте өткен дзюдодан Гран-при турнирінің жалпыкомандалық медальдық есебінде үшінші орынға ие болды.

Қазақстандық дзюдошылар Хорватияда көш бастады
Olympic.kz

Отандастарымыз жарысты үш жүлдемен аяқтады. Оның ішінде бір алтын және екі күміс медаль бар. Нұрқанат Серікбаев (66 келі) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Аман Бақытжан (60 келі) мен Ғалия Тынбаева (48 келі) күміс жүлдегер атанды.

Турнирдің жалпыкомандалық есебінде Бразилия құрамасы көш бастады. Екінші орынға екі алтын және екі қола жүлдемен Канада құрамасы жайғасты.

Ал ерлер арасындағы медальдық есепте Қазақстан құрамасы бір алтын және бір күміс медальмен бірінші орынға шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?