Грузиялық қарсылас Қажыбаевтың медаль жоспарын бұзды
Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Загребтегі Гран-при турнирінде грузиялық Саба Инанеишвилиге есе жіберіп, медаль үшін күресті тоқтатты.
Аса ауыр салмақта, яғни 100 келіден жоғары санатта өнер көрсететін Қажыбаев жұбаныш белдесуінде Саба Инанеишвилимен кездесті.
Қарсылас екі рет "ваза-ари" бағасын алып, жеңіске жетті. Осы жеңілістен кейін қазақстандық спортшы қола медальға таласу мүмкіндігінен айырылып, жарысты жүлдесіз аяқтады.
Хорватия астанасындағы дзюдодан Гран-при кезеңі 13–15 қараша аралығында өтіп жатыр. Қажыбаевтың белдесуі жарыстың қорытынды күніне түсті.
Бұл туралы не ойлайсыз?