Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Алматыда №2 спорт мектебінде өрт шықты

15 қарашада Алмалы ауданындағы №2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өрт болды.

Алматыда №2 спорт мектебінде өрт шықты
kazinform.kz

Спорт мектебінен қою түтін көтерілген

Өрт Брусиловский көшесіндегі екі қабатты ғимаратта шыққан. Бұл — Алматыдағы ең ескі спорт мектептерінің бірі.

Kazinform мәліметінше, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тараған. Кадрларда ғимарат үстінен қою түтін көтерілгені көрінеді. Түтін қаланың әр ауданынан байқалған.

Өрттің көрші нысандарға таралу қаупі болған

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимарат ашық жалынмен жанып жатқан. Оттың жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі туындаған.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, ТЖМ күштері мен техникасы жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмылдырылған. Құтқарушылар бірден жалынды сөедіруге кіріскен.

Жедел әрекеттің нәтижесінде өрттің көрші нысандарға таралуына жол берілмеді. Сағат 10:25-те өрт толық сөндірілді.

ТЖМ дерегінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу мән-жайы нақтыланып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?