Қазақстан паделден Азия кубогында үздіктер қатарынан көрінді
Қола медаль үшін өткен кездесуде отандастарымыз Сауд Арабиясын 2:1 есебімен жеңді
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы паделден Азия кубогындағы дебютінде қола медаль иеленді.
Жарыс 7–14 қараша аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтіп, ұлдар арасында 17 команда бақ сынады.
Қазақстан алғашқы қатысуында үздік үштікке кірді
Қазақстан құрамасы Азия кубогына алғаш рет қатысып, бірден жүлдегерлер қатарына енді. Айта кетейік, бұл турнир алғаш рет 2024 жылы Бахрейнде ұйымдастырылған еді.
Турнир барысында қазақстандық спортшылар Қатар, БАӘ, Малайзия, Оман және Ливан құрамаларын жеңді.
Қола медаль үшін өткен кездесуде отандастарымыз Сауд Арабиясын 2:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Иран Азия кубогының чемпионы атанды
Жарыс қорытындысы бойынша Иран құрамасы бірінші орын алды. Күміс жүлде Кувейтке, ал қола медаль Қазақстанға бұйырды.