Қазақстандық таэквондошылар Хорватияда екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық таэквондошылардың еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар.
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Zagreb Croatia Open халықаралық G1 санатындағы турнирде үш жүлде иеленді.
Қазақстандық таэквондошылардың еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар.
59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрай Амангелді турнир жеңімпазы болды. Финалда қазақстандық спортшы Хорватия өкілі Сара Рогинді жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген үздік нәтиже көрсетті. Ол шешуші жекпе-жекте Франция спортшысы Сейни Санеден басым түсіп, Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды.
68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Сабина Тұртұлова финалға дейін жетті. Алтын жүлде үшін болған кездесуде ол Хорватия өкілі Сара Жижичке есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Турнир 15 қарашада аяқталады
Загребте өтіп жатқан турнир биыл 30-рет ұйымдастырылып отыр.
Жарыс 15 қарашада ересектер арасындағы жекпе-жектермен аяқталады.