Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мераб Двалишвили Абу-Дабиде қарсыласын бірінші раундта жеңді

Грузиялық файтер Мераб Двалишвили Абу-Дабиде өткен RAF еркін күрес турнирінде бразилиялық Марлон Мораесті мерзімінен бұрын ұтты. 

Мераб Двалишвили Абу-Дабиде қарсыласын бірінші раундта жеңді
instagram/@rafwrestlingusa

Балуандар аралық салмақта Crossover форматында күш сынасты. Кездесудің алғашқы раундында Двалишвили қарсыласының қос жауырынын кілемге тигізіп, тушемен жеңіске жетті.

Осылайша грузиялық балуан RAF лигасындағы жеңістерінің санын үшке жеткізді. Ал Марлон Мораес промоушндегі алғашқы кездесуін жеңіліспен аяқтады.

Двалишвили кәсіпқой ММА-дағы соңғы айқасын қазан айында өткізген. Сол кездесуде ресейлік Петр Янға төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?