"Джалоловтың мұрагері" қарсыласын бірінші раундта жеңді
Өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Жахонгир Зокиров Эр-Риядтағы бокс кешінде канадалық Брэндон Колантонионы алғашқы раундта нокаутқа түсірді.
Алты раундтық жекпе-жек бір раундқа да созылмады
Кездесу алты раундқа жоспарланлы. Дегенмен Зокиров қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша өзбекстандық боксшы кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне жетті. Ол үш кездесуінің бәрінде қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Ал Колантонио мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.
Жекпе-жекке дейін Зокировтың еншісінде екі жеңіс пен екі нокаут болса, канадалық былғары қолғап шебері сегіз рет жеңіске жетіп, екі рет жеңілген еді.
Зокировты неге "Джалоловтың мұрагері" деп атайды?
Жахонгир Зокировты бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловтың ізбасары ретінде атайды.
Джалолов Өзбекстан құрамасынан кеткеннен кейін оның орнын Зокиров басып, аса ауыр салмақта команданың жаңа көшбасшысына айналды.