Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Азия ойындарының жүлдегері Загребте тұғырға көтеріле алмады

Дзюдошы Есмігүл Құйылова Хорватия астанасында Гран-при турнирінің қола жүлдесі үшін белдесуде жеңіліп, жарысты медальсыз аяқтады.

Азия ойындарының жүлдегері Загребте тұғырға көтеріле алмады
NUR.kz

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Құйылова шешуші кездесуде жарыс қожайыны Ива Оберанмен күш сынасты. Хорватиялық дзюдошы жеңіске жетіп, қола медаль иеленді. Ал Қазақстан өкілі жүлдеге бір қадам қалғанда тоқтады.

Есмігүл турнирді сәтті бастап, алғашқы екі қарсыласын — америкалық Сара Голден мен польшалық Наталья Кропскаяны ұтты. Бірақ ширек финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, канадалық Джессика Климкайтқа есе жіберді. Осыдан кейін жұбаныш белдесуінде венгриялық Бригитта Варгадан басым түсіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық дзюдошы қазан айында Жапонияда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?