Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Мотиватор" Бекембетов пен Мұхит Амантаевтың реваншы ресми жарияланды

Әнуарбек "Мотиватор" Бекембетов пен Мұхит Амантаев Алматыда қайта жұдырықтасады.

"Мотиватор" Бекембетов пен Мұхит Амантаевтың реваншы ресми жарияланды
фото ашық дереккөзден алынды

Алғашқы жекпе-жекте кім жеңді?

Жекпе-жек 12 желтоқсанда Алматыда өтеді. Жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа жоспарланған.

Бекембетов пен Амантаев алғаш рет шілде айында Алматыда ұйымдастырылған IBA Nomad 15 турнирінде кездескен. Сол жолы "Мотиватор" лақап атымен танылған Әнуарбек қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірген.

Енді Мұхит Амантаевқа сол жеңілістің есесін қайтаруға мүмкіндік беріліп отыр.

Екеуінің ММА-дағы көрсеткіші

Әнуарбек Бекембетов кәсіби аралас жекпе-жекте бір рет жеңіске жетіп, төрт мәрте жеңілген. Оның рекорды — 1–4.

Мұхит Амантаевтың кәсіби ММА-дағы есебінде бір жеңіс пен екі жеңіліс бар. Көрсеткіші — 1–2.

Бұл туралы не ойлайсыз?