Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыстың" америкалық шабуылшысы ҚХЛ-де үздік ойыншы атанды

Астаналық "Барыстың" шабуылшысы Джастин Бэйли Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) назарын аударды.

"Барыстың" америкалық шабуылшысы ҚХЛ-де үздік ойыншы атанды
“Барыс” ХК

Бэйли "Металлургке" қарсы кездесуде хет-трик жасап, үздік ойыншылардың бірі ретінде танылды.

ҚХЛ баспасөз қызметі 31 жастағы хоккейшіні Instagram желісіндегі арнайы жарияланымда атап өтті. Бэйли бұл матчта лигадағы мансабындағы алғашқы хет-тригіне қол жеткізді. Америкалық шабуылшы кездесудің 15, 22 және 38-минуттарында мергендігімен көзге түсті.

Нәтижесінде Михаил Кравецтің командасы Шығыс конференциясының көшбасшысы "Металлургті" 5:4 есебімен жеңді. Бұл кездесуден кейін Бэйли ҚХЛ-дің сұрмергендер рейтингіндегі көшбасшылығын нығайтты. Қазір америкалық хоккейші 16 шайбамен лиганың үздік сұрмергені атанып отыр.

"Барыс" 26 ойыннан кейін 29 ұпаймен Шығыс конференциясында бесінші орында келеді. Астаналық клуб келесі кездесуін 18 қарашада сырт алаңда "Салават Юлаевқа" қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?