Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" ресейлік қақпашыны 5370 теңгеге сатып алады

Астаналық "Барыс" ресейлік қақпашы Дмитрий Николаевпен толығуы ықтимал.

"Барыс" ресейлік қақпашыны 5370 теңгеге сатып алады
hctraktor.org

"Сила Спорта" басылымының мәліметінше, клубтар арасындағы мәміле бойынша "Тракторға" 1000 Ресей рублі беріледі. Қазақстан Ұлттық банкінің 2026 жылғы 12 қарашадағы ресми бағамымен бұл – 5370 теңге.

Қақпашының "Барысқа" ауысқаны туралы ресми хабарлама жақын арада жарияланады деп күтіліп отыр.

Дмитрий Николаев "Трактор" сапында 2026 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді.

Ресейлік қақпашы Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында 10 матчқа қатысқан. Ол қақпаға бағытталған соққылардың 92,8 пайызын қайтарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?