Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Америкалық қақпашыға "Барыстан" орын табылмады

Астаналық "Барыс" басшылығы 31 жастағы Хантер Шепардтың ҚХЛ-дағы ойынына көңілі толмай, оның орнына басқа қақпашы қарастырған.

Америкалық қақпашыға "Барыстан" орын табылмады
instagram.com/barys_official/

Шепардтың "Барыстағы" көрсеткіштері қандай?

Хантер Шепард елордалық командаға 2026 жылдың шілдесінде қосылып, бір маусымға келісімшарт жасаған. Бірақ америкалық қақпашы сенімді ойынымен көзге түсе алмады.

"Спорт-Экспресс" мәліметінше, ол ҚХЛ-дың 2026/27 жылғы тұрақты чемпионатында 13 матчқа қатысқан. Осы кездесулерде төрт рет жеңіске жетіп, бір ойынды қақпасына шайба жібермей аяқтаған. Шепард өз қақпасына бағытталған соққылардың 87,5 пайызын қайтарған. Сенімділік коэффициенті – 3,37, яғни орта есеппен бір матчта осынша шайба өткізіп отырған.

Басылымның хабарлауынша, "Барыс" басшылығы оны алмастыратын ойыншы тауып қойған.

Андрей Шутовтың статистикасы жоғары

Астаналықтардың тағы бір қақпашысы Андрей Шутовтың көрсеткіштері Шепардқа қарағанда жақсы. Шутов 15 кездесуде соққылардың 93,6 пайызын тойтарған. Оның сенімділік коэффициенті 2,06-ге тең.

Қазақстанға келгенге дейін Шепард Солтүстік Америкада өнер көрсетті. "Херши" сапында 2023 және 2024 жылдары Колдер кубогын жеңіп алған. Сонымен бірге америкалық хоккейші 2023/24 маусымында АХЛ-дың үздік қақпашысы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?