Логвиннің дублі "Барысқа" жеңіс әкелді
Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатында Владивостоктың "Адмиралын" 4:2 есебімен ұтты.
Логвин дубль жасады
Мұзайдын иелері сапында Всеволод Логвин дубль авторы атанса, Аркадий Шестаков пен Мэйсон Морелли бір-бір шайбадан соқты. Қонақтардың қақпасын матч бойы қазақстандық голкипер Никита Бояркин қорғады.
Осы жеңістен кейін астаналық клубтың ұпай саны 27-ге жетті. "Барыс" 25 кездесудің қорытындысы бойынша Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. Ал 24 матчта 25 ұпай жинаған Адмирал оныншы сатыға орналасқан.
Келесі қарсылас – "Металлург"
"Барыс" келесі ойынын 15 қарашада өткізеді. Астаналық команда өз мұз айдынында Магнитогорскінің "Металлург" клубын қабылдайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?