Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Арман Әшімовтің Алматыдағы қарсыласы белгілі болды

ММА файтері Арман Әшімов (12–4–1) 12 желтоқсанда Алматыда өзбекстандық Азизбек "Гладиатор" Темировпен (6–3) кездеседі.

Арман Әшімовтің Алматыдағы қарсыласы белгілі болды
vesti.kz

Әшімов пен Темиров қандай ереже бойынша жұдырықтасады?

Екі файтер аса жеңіл салмақта кездеседі. Айқас ММА ережесі бойынша тек тік тұрып өтеді. Әшімов бұған дейін IBA Nomad турнирлерінде үш рет өнер көрсетсе, Темиров осы кездесуде промоушендегі дебютін өткізеді. 

"Арман Әшімов – қазақстандық ММА аңызы. Ол жанкүйерлерге тартысты айқас көрсетіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға ұмтылады. Оның қарсыласы Азизбек Темиров ММА-дағы алты жеңісінің бәріне нокаутпен жеткен. Бұл оның IBA Nomad лигасындағы алғашқы жекпе-жегі болады", – делінген промоушеннің хабарламасында.

Файтерлер соңғы жекпе-жектерінде қандай нәтиже көрсетті?

Әшімов соңғы рет 4 шілдеде Алматыда IBA Nomad 15 турнирінде октагонға шыққан. Ол UFC-дің бұрынғы файтері, америкалық Джефф Молинаны үш раунд қорытындысында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

28 жастағы Темиров ММА-дағы алты жеңісінің бәріне нокаутпен немесе техникалық нокаутпен жеткен. Өзбекстандық файтер Қазақстанның OCTAGON, АҚШ-тың LFA және Жапонияның Rizin ұйымдарында өнер көрсеткен. Тамызда Жапонияда өткен Rizin 54 турнирінде жергілікті файтер Джоджи Готоға тұншықтыру әдісінен жеңілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?