Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Канело" мен Кроуфордтың көз түйістіруі төбелеске ұласты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд көз түйістіру кезінде жанжал шығарды. 

"Канело" мен Кроуфордтың көз түйістіруі төбелеске ұласты (ВИДЕО)
secondsout.com

Лас-Вегас жекпе-жегіне дейінгі қарбалас

13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін бокс кешіне дейін қызу дайындық жүріп жатыр. Сауль Альварес (63-2-2, 39 KO) пен Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) арасындағы көз түйістіру шарасы бұл жолы шынайы қақтығысқа ұласты.

Желіде тараған видеода Кроуфорд қарсыласына жақындап, қысым көрсеткені байқалады. Альварес бұған жауап ретінде оны итеріп жіберген.Содан екеуінің арасында шын мәнінде итеру-жұлқу басталып кеткен. Оларды UFC президенті Дана Уайт өзі ажыратуға мәжбүр болды.

Абсолютті чемпиондық белбеудің тағдыры шешіледі

13 қыркүйекте абсолютті әлем чемпионы атағы үшін суперорта салмақтағы шешуші жекпе-жек болмақ. Бұл кешті әлемдік бокс жанкүйерлері асыға күтуде.

Альварес соңғы рет мамыр айында Уильям Скаллды (23-1, 9 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, титулын қорғады.

Ал Теренс Кроуфорд былтыр тамызда рингке шығып, Исраил Мадримовты (10-2-1, 7 KO) айқын басымдықпен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 198
👎 180
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір