Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елдос Сметов әлеуметтік желіде жұртты алаңдатып қойды (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Дзюдошы Instagram парақшасында қолы бандажбен таңылған суретін жариялап, астына «Рио 2016, Токио 2020, Париж 2024. Бұл — марапаттың екінші жағы» деп жазды.

Елдос Сметов әлеуметтік желіде жұртты алаңдатып қойды (ФОТО)
gov.kz GOV.KZ

Қазақстандық дзюдошы, Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов әлеуметтік желідегі жазбасымен жанкүйерлерін алаңдатып қойды.

Қолда бандаж

32 жастағы спортшы Instagram парақшасында қолы бандажбен таңылған күйде жатқан суретін жариялады. Суретпен бірге:

«Рио 2016, Токио 2020, Париж 2024. Марапаттың екінші жағы» — деп жазды танымал спортшы Елдос Сметов.

Фото: Instsgram.com

Бұл сөз жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды. Бірі — жарақат туралы болжам айтса, енді бірі — бұл спорттық жолдың қиын сәттерін меңзейтін астарлы ой деп қабылдады.

Жарақат па, әлде жоспарлы ем?

Қазіргі таңда Сметовтің нақты жарақат алған-алмағаны, оның қаншалықты ауыр екені, және алдағы жарыстарға дайындыққа әсер етіп-етпейтіні белгісіз. Спортшы немесе оның командасы ресми түсініктеме берген жоқ.

Геолокацияға қарағанда, фото Италияда түсірілген. Демек, Сметов қазір реабилитация немесе медициналық бақылаудан өтіп жатуы мүмкін.

Елдос Сметов туралы қысқаша

  • Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасының күміс жүлдегері
  • Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері
  • Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы
  • Әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір