Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды
Алматы қаласының атынан сынға түскен Қызайбай 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін шымкенттік Элина Базаровамен жұдырықтасты.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі Назым Қызайбай Таразда өтіп жатқан бокстан ел чемпионатының финалында күтпеген жеңіліске тап болды.
Алматы қаласының атынан сынға түскен Қызайбай 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін шымкенттік Элина Базаровамен жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті Элина Базароваға берді – 3:2. Осылайша, шымкенттік боксшы 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының алтын медалін иеленді.
Ал Назым Қызайбай ел біріншілігін күміс жүлдемен аяқтады.
Қызайбай – үш дүркін әлем чемпионы
Назым Қызайбай – Қазақстан әйелдер боксының ең титулды өкілдерінің бірі.
Ол үш дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ 2024 жылғы Азия чемпионы.
Бұған дейін де Қазақстан чемпионатында бірнеше рет топ жарған тәжірибелі боксшы үшін Тараздағы финалдағы жеңіліс күтпеген нәтиже болды.
Элина Базарованың да халықаралық тәжірибесі бар
Элина Базарова да Қазақстан ұлттық құрамасы сапында халықаралық жарыстарға қатысқан.
2026 жылы Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өткен Азия чемпионатында ол 1/8 финалға дейін жеткен.
Енді Базарова ел чемпионатындағы жеңісінен кейін 54 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның жаңа чемпионы атанды.