Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық екі зілтеміршінің үшжылдық шектеуі аяқталды

Қарағандылық қос спортшы 2026 жылғы 7 қарашадан бастап ресми түрде жарыстарға қайта қатыса алады.

Қазақстандық екі зілтеміршінің үшжылдық шектеуі аяқталды
Vesti.kz

Қазақстандық ауыр атлеттер Никита Абдрахманов пен Клим Башаргиннің допингке байланысты үш жылдық дисквалификация мерзімі аяқталды.

Қарағандылық қос спортшы 2026 жылғы 7 қарашадан бастап ресми түрде жарыстарға қайта қатыса алады.

Үш жылдық жаза мерзімі бітті

Никита Абдрахманов пен Клим Башаргиннің дисквалификациясы 2026 жылғы 6 қарашада аяқталды.

Осыған байланысты олар енді республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлерге қайта оралуға мүмкіндік алады.

Ал ұлттық құрамаға ену мәселесі алдағы Қазақстан чемпионатының нәтижесіне байланысты болады.

Башаргин әзірге ірі титул жеңіп алған жоқ

22 жастағы Клим Башаргин 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Әзірге оның ересектер арасындағы ірі халықаралық турнирлерде жеңіп алған атағы жоқ.

Абдрахманов жастар арасында бірнеше рет чемпион болған

20 жастағы Никита Абдрахманов 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Ол жастар арасында:

  • 2022 жылы Азия чемпионы атанды;
  • 2022 және 2023 жылдары екі рет әлем чемпионатын жеңді;
  • 2022 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді.
Бұл туралы не ойлайсыз?