Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Нағыз аңыз": Головкин Роналдудың тарихи шешіміне үн қатты

Головкин португалиялық футболшының әлеуметтік желідегі жазбасына пікір қалдырып, оның әлемдік спорттағы мұрасына ерекше тоқталды.

"Нағыз аңыз": Головкин Роналдудың тарихи шешіміне үн қатты
olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Криштиану Роналдудың Португалия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтауына қатысты пікір білдірді.

Головкин португалиялық футболшының әлеуметтік желідегі жазбасына пікір қалдырып, оның әлемдік спорттағы мұрасына ерекше тоқталды.

"Нағыз аңыз"

Қазақстандық боксшы Роналдуға құрмет білдіріп, оның әлі де миллиондаған адамға үлгі болып қала беретінін атап өтті.

"Нағыз аңыз. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды шабыттандыра бер. Сенің мұраң мәңгі жасайды!" – деп жазды Головкин.

Криштиану Роналду Португалия құрамасында алғаш рет 2003 жылғы 20 тамызда алаңға шықты. Оның дебюті Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық матчта өтті. Португалия сол ойында 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ол кезде 18 жаста болған Роналду екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шықты.

Португалия құрамасындағы көрсеткіші

Ұлттық құрама сапындағы мансабында Роналду 234 матч өткізіп, 146 гол соқты.

Сонымен қатар португалиялық шабуылшы 45 нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?