Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлем чемпионы Қазақстан чемпионатында күтпеген жерден жеңіліп қалды

Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Әділбек Қожаханға берді.

Әлем чемпионы Қазақстан чемпионатында күтпеген жерден жеңіліп қалды
olympic.kz

Бокстан Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта күтпеген нәтиже тіркелді. Әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов жартылай финалда жеңіліп, финалға шыға алмады.

Ақмола облысының атынан өнер көрсеткен Асылқұлов шешуші жолдама үшін Жетісу облысының өкілі Әділбек Қожаханмен жұдырықтасты.

Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Әділбек Қожаханға берді. Есеп – 5:0.

Осылайша, Қожахан Қазақстан чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін жұдырықтасатын болды. Ал Оразбек Асылқұлов ел біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.

Әлем чемпионы финалдан тыс қалды

Бұл нәтиже 55 келіге дейінгі салмақтағы басты сенсациялардың біріне айналды.

Оразбек Асылқұлов – 2025 жылғы IBA әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия чемпионы. Сондықтан оның жартылай финалда айқын есеппен жеңілуі күтпеген нәтиже болды.

Өткен айда Асылқұлов Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарына да қатысып, алғашқы кездесуінде турнирмен қоштасқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?